Ауданымызда «PetrolValves Kazakhstan» ЖШС-ның жоғары технологиялық тиекті
арматура өндіру және қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастады! Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Ғ. Есқалиев, КПО б.в., SICIM Kazakhstan, ТШО және тағы басқа мұнай газ саласындағы үлкен компаниялардың өкілдері қатысты. «PetrolValves Kazakhstan» ЖШС-ның орталығы секілді объектілердің ашылуы ауданымыздың экономикалық дамуына , жаңа жұмыс орындарының ашылуына өз ықпалын тигізетіні сөзсіз.