ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 5 қыркүйекте өткен Кентүбек ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Сайлауға «Nur Otan» партиясынан 1 үміткер, өзін-өзі ұсынумен 2 үміткер қатынасты.

Сайлау күні барлық тізімге енгізілген 700 сайлаушының 75,7 %-ы сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Кандидаттар Газиев Нұрлан Талаптанұлына 422 (төрт жүз жиырма екі), Жұмағалиева Әсемгүл Науербекқызына 52 (елу екі), Азаматов Руслан Нұрболатұлына 33 (отыз үш) дауыс берілді.

 Дауыс беру нәтижесінде Газиев Нұрлан Талаптанұлы Кентүбек ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Газиев Нұрлан Талаптанұлы, 19.08.1978 жылы туылған, ұлты қазақ, Бөрлі ауданы Кентүбек ауылдық округі әкімінің лауазымын атқарған, «Nur Otan» партиясының мүшесі, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Кентүбек ауылының тұрғыны.

Бөрлі аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы