Бөрлі ауданы әкімінің 2021 жылғы 03 маусымдағы №158-ө өкімімен Пугачев ауылдық округі әкімінің лауазымына Мереке Нурланович Изтелеуов тағайындалды.

Бөрлі ауданы әкімінің 2021 жылғы 03 маусымдағы №158-ө өкімімен Пугачев ауылдық округі әкімінің лауазымына Мереке Нурланович Изтелеуов тағайындалды.

1971 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген.

          Білімі – жоғары, 1995 жылы - Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын  зоотехния мамандығы бойынша, 2008 жылы – Еуразиялық академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша аяқтаған.

          Еңбек жолы:

          1995-1996 жж. - Батыс Қазақстан облысының экономика басқармасының маманы;

          1996-1998 жж. - Батыс Қазақстан облысы  «Самсон» ЖШС –нің маманы;

          1998-2000 жж. - Батыс Қазақстан облысы «Уральский» АӨК-нің маманы;

          2006-2008 жж. - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Зачаганск кенттік округі әкімі аппаратының бас маманы;

          2008-2010 жж. - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімі аппаратының бас маманы-кәмелетке толмағандардың ісі бойынша комиссия хатшысы;

          2010-2014 жж. - Батыс Қазақстан облысы  Бөрлі ауданы  Жарсуат  селолық округінің әкімі;

          2014-2017 жж. - Батыс Қазақстан облысы  «Нұр Отан» партиясы Бөрлі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

          2017-2021 жж. - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы

          03.06.2021 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Пугачев ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.