ҚҰРМЕТТІ БӨРЛІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!!!

ҚҰРМЕТТІ БӨРЛІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!!!

Облысымыздың аумағында эпидемиялогиялық ахуалдың нашарлауына байланысты, БҚО санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаментінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі №11 қаулысына сәйкес, а.ж. 1 мамырынан бастап Бөрлі ауданының шекарасы бойынша 3 жерде: «Подстепное-Федововка-РФ шекарасы» тас жолының бойында орналасқан «Қанай», «Бөрлі- Ақсай-Жымпиты» тас жолының бойында орналасқан «Ақсу» және «Ақсай-Шыңғырлау» тас жолының бойында орналасқан «Успеновка» блокпосттары қойылады.
Блокпосттар арқылы арнайы рұқсат қағазын көрсете отырып:
- халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері;
- медициналық көрсеткіштер бойынша кіретін және шығатын адамдар;
- карантинді стационарларда емделушілер мен бақыланушылар;
- жүк тасымалдаушылар мен транзиттік жолаушылар;
- ауысым (вахта) жұмысшыларын тасымалдайтын көлік құралдары;
- күзгі дала жұмыстарына, табиғатты қорғау, ветеринарлық, ауылшаруашылық жұмыстарына, жолдарды жөндеуге, авариялық-құтқару қызметіне, аса қажет тауарларды, азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектерді, қатты, сұйық жанар-жағар май материалдарын жеткізушілермен, сондай-ақ барлық жүк тасымалымен айналысатын адамдар, облыстың шаруашылық өмірін қамтамасыз ететін жабдықтармен және материалдармен айналысатындар, растайтын құжаттарды (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, қызметкерлер үшін - жұмыс орнынан мөрмен расталған еркін үлгідегі анықтама) көрсеткен кезде;
- тұрақты тұрғылықты жеріне оралатын адамдар және облыс тұрғындары (бір отбасы мүшелері) саяжай үйлеріне (саяжайларға, омартаға, қыстаққа) бару үшін құқық белгілейтін құжаттарды көрсеткен кезде;
- жақын туысқаны (әкесі, анасы, ағасы, апасы, балалары) қайтыс болған тұрғындарға;
- тұрғылықты жерінен жұмыс орнына және кері қайту кезінде жұмыс берушінің мөрмен расталған еркін үлгідегі анықтамасы болған кезде.
- темір жол вокзалынан, әуежайдан, автовокзалдан билетті көрсету арқылы бару немесе қайту кезінде;
Осы санатта көрсетілген тұлғаларға «109» телефонына өтінім қалдыру, немесе http://www.STOPCOVID.KZ сайттына тіркелу қажет.