Ақсай қаласының әкімі лауазымына Арсен Толкынович Баяндыков тағайындалды.

Ақсай қаласының әкімі лауазымына Арсен Толкынович Баяндыков тағайындалды.

Бөрлі ауданы әкімінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №150-ө өкімімен Ақсай қаласының әкімі лауазымына Арсен Толкынович Баяндыков тағайындалды.

          1982 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында дүниеге келген.

          Білімі – жоғары, 2002 жылы - А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін құқықтану мамандығы бойынша, 2006 жылы - «Еуразия» Батыс Қазақстан тілдер және менеджмент институтын есеп және аудит мамандығы бойынша аяқтаған.

          Еңбек жолы:

          2002-2005 жж. - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы бойынша салық комитетінің ұйымдастыру, құқықтық қамтамасыз ету және өндіру бөлімінің салық инспекторы-заңгер;

          2005-2006 жж. - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Әділет басқармасының бас маманы;

          2006-2007 жж. - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы-заңгер;

          2007-2013 жж. - Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы;

          2013-2017 жж. - Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы;

          2017-2020 жж. - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің орынбасары;

          2020-2021 жж. - Батыс Қазақстан облысы «Azat Capital» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары;

          12.04.2021 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының әкімі лауазымына тағайындалды.