Аудан әкімінің есептік кездесуі кезінде YouTube каналы арқылы түскен сұрақтар

Аудан әкімінің есептік кездесуі кезінде YouTube каналы арқылы түскен сұрақтар
  1. Анар Мансараева: Каракудук аулынада жол жасаныз

Жауап: Өзіңізге мәлім, облыстық маңызы бар «Федоровка-Ақсай» жолының құрылысы жүріп жатқаны. Осы жобадан кейін Қарақұдық ауылына кіріберіс жолын жөндеу 2025 жылға жоспарланды, ол үшін аудан бюджеті есебінен 2023-2024 жылдары жобалық-сметалық құжаттама дайындау және сараптамадан өткізу үшін қаражат бөлінетін болады.

****

  1. Хуа Уей: ​Қайырлы күн! Жастарға арналған жатақханалардан орын алу не үшін қиын? Жастарға тұрғын үй жағынан неге көмек аз?

Жауап: Қайырлы күн! Тұрғын үймен әр отбасын қамтамасыз ету басты мақсаттардың бірі. Осы бағытта мемлекеттік бағдарламалар («Димполмен ауылға», «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер»») арқылы жобалар біздің де ауданымызда іске асуда. Атап айтсақ, «Нұрлы жер» мембағдарламасы бойынша үш көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы (екеуі, яғни 324 пәтер несиелік үй, 126 пәтер коммуналдық), 450 пәтер, іске асуда. «Димполмен ауылға» мембағдарламасы бойынша өткен, 2020 жылы, ауданымыздың ауылдық округтеріне қызмет етуге (білім, медицина, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік саласы, мәдениет және спорт салаларына) келген 63 жас маманға тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген несие берілген болатын. Сонымен қатар, аудан бюджеті қаражатының есебінен Приурал, Жарсуат, Қанай, Кентубек, Пугачев және Бумакөл ауылдарында жатақхана салынды, Ақсай қаласында медицина қызметкерлеріне бұрынғы емхананың ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, 28 орындық жатақханаға бейімделді. КПО б.в. компаниясының қаржыландырумен 120 орындық (полиция, медицина, білім, мәдениет және спорт салаларының қызметкерлеріне) жатақхана тапсырылды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Ол үшін аудан бюджетінен жобалық-сметалық құжаттамалар дайындауға, сараптамадан өткізуға тиісті қаржы бөлінді, яғни, екі көпқабатты тұрғын үйдің және екі пәтерлі 40 тұрғын үйдің құрылысын, 120 орындық жатақхананың құрылысын бастауға құжаттар дайын.

 ****

  1. Karakoz Abildaeva: Бүгінгі аудан әкімінің есеп беруін тыңдай келе Пугачев ауылының жол мәселесі оңынан шешілетінін естіп қуанып отырмыз, осы жылдың аяғына дейін бітіп жатса өте жақсы болар еді

Жауап: Қазіргі уақытта осы нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын атқаратын мердігерді анықтау үшін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілуде, құрылыс-монтаждау жұмыстары осы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс.

****

  1. Aslan Nurazgali​: Строительный 4 көшесіне интернет желісі толықтай қашан жүргізіледі? @Akimat Aksai @АКСАЙ

Жауап: Ақсай қаласының әкімдігі тарапынан Ақтөбе қаласындағы «Казактелеком» АҚ-на хат жолданатын болады.

****

  1. 123 456​: Добрый день! когда Пугачёвская дорогу отремонтируют невозможно ездить

Ответ: Добрый день! Подъездную дорогу к с. Пугачево отремонтируем в этом году за счет средств республиканского бюджета. На данный момент идет процедура государственных закупок, методом конкурса, по определению подрядной организации, которая будет выполнять строительно-монтажные работы. Срок завершения работ до конца текущего года.     

****

  1. Айгерим Хамидолла: ​Аксай каласынын номер 1школдын алдына асфальт неге истелмеди балдар балшык кезде журе алмайды

Жауап: Ағымдағы жылы Ақсай қаласының Мостовая көшесінің жолын күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Бұл жобаға Мостовая және Балдырған (бұрынғы Школьный переулок) көшелері енгізілді. Жобада жол және жаяу жүргіншілер жолы, көше жарығы қарастырылған. Қазіргі таңда аудан бюджетінен қаражат бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін мердігерді анықтау бойынша конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілуде.

****

  1. zhanur zainullin: ​саламатсызба.Курметти биликте отырган мырзалар.Мен Куккузова Света Сабыргаликызы копбалалы анамын.Копбалалы аналардын алеуметтик жагдайын дурыстап ,патер алуларына 20% жинаксыз комектесиниз.

Жауап: Тұрғын үй сертификаты - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны. Тұрғын үй сертификатын төмендегі азаматтарға алуға болады - денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы және өзге де басым салалардағы мамандардың қажеттілігін, ескере отырып мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар; толық емес отбасылар. Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу мүмкіндігіңізді білу үшін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жолығуыңыз қажет.

****

  1. Отеп Карасай: ​Электр желісі ескірген дұрыс айтасыз, Пугачевта жарық жиі- жиі сөніп қалады.

Жауап: Ауданымыздағы электр желісінің тозығы 85%. Өзіңізге мәлім, электр желісінің меншік иесі жеке компания (РЭС), ол өз кезегінде тиісті мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен жоспарға сәйкес жыл сайынғы инвестициялық жобасын орындауға міндетті. Бірақ, байқап отырғандай тек бұл жұмыстарды атқару жеткіліксіз. Сол себепті, аудан бюджеті есебінен электр желілерін реконструкциялауға жобалық-сметалық құжаттарды дайындауға, оны сараптамадан өткізуге тиісті қаражат бөлінетін болады. Кейін қаржы көзі анықталып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын атқару жоспарда.

****

  1. Хуа Уей​: Мектептің бұрыннан келе жатқан мұғалімдері не себепті көп сағат алуға құқылы да, ал жас маман ретінде жұмысқа кірген жас мұғалімдерге 2-3 сағаттан ғана бөліп беріп жатыр?

Жауап:ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес мұғалімнің жүктемесі 18 сағатты құрайды. Жалпы жүктеме оқу жоспарына сәйкес жасақталады және педагогикалық кеңесте бекітіледі. Толығырақ ақпарат алу үшін білім беру бөліміне жолығуыңызға болады.

****

  1. Айгерим Хамидолла: ​Барлык мкр га асфальт тоселди,тек 1шк касына салынбады, балдар окитын жерге. Балдар балшыктан журе алмайды школдын алдына асфальт салынса деймин отиниш

Жауап: Ағымдағы жылы Ақсай қаласының Мостовая көшесінің жолын күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Бұл жобаға Мостовая және Балдырған (бұрынғы Школьный переулок) көшелері енгізілді. Жобада жол және жаяу жүргіншілер жолы, көше жарығы қарастырылған. Қазіргі таңда аудан бюджетінен қаражат бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін мердігерді анықтау бойынша конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілуде.

****

  1. Абдуали Хабиев: Здравствуйте кагда будет дорога на улице Бурлинская_7

Ответ: Здравстуйте, ГУ «Аппаратом акима города Аксай» разработана проектно-сметная документация «Благоустройство улицы Бурлинская г. Аксай», имеется положительное заключение экспертизы. По мере финансирования проект будет реализован.

****

  1. Арман: здравствуйте, в своём докладе вы озвучили об приобретении школам автобусов для подвоза учащихся. будут ли в дальнейшем выделяться из бюджета средства? спасибо.

Ответ: При выделении средств из областного  бюджета работа будет продолжена

****

  1. Нургуль Ермекбаева: ​Салематсыздар ма? 3 маршруттың жүруін қадағалаңыздар? Күту

Жауап: Ақсай қаласы бойынша жүретін №3 қоғамдық көліктердің интервалдары 15-20 минут, интервалдың сақталуын аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандарымен қадағалануда. Сонымен қатар, 2020 жылы барлық қоғамдық көліктерге GPS қондырғылары орнатылды. Алдағы уақытта «SmartAksai» мобилді қосымшасымен интеграциялауды жүзеге асырамыз, сол кезде қоғамдық көлікті қолданушылардың барлығында интервалды қадағалау мүмкіндігіне ие болады.

****

  1. Assel Tulepova: гемодиализге баратын биринши топ инвалидтерди кутуде, жеке комекшилерге кунине 8 сагат беруди енгизиниздер. басқа облыстардың баринде кунине 8 саг, бизде 5 саг. инвалидтерди жеп ешким байымайды

Жауап: «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес, жеке көмекшінің қызметіне ақы төлеуді қызмет көрсеткен нақты уақыты үшін, бірақ күніне 8 сағаттан артық емес жұмыспен қамту бөлімдері жүзеге асырады. Бұл қызметке қаражат жергілікті бюджеттен қарастырылған.

****

  1. Нургуль Ермекбаева: ​Салематсыздар ма? 1 маршрут біреу уақытымен, жылдам жүреді. Тағы 1 маршрут қосылмас па екен?

Жауап: Ақсай қаласы бойынша жүретін №1 қоғамдық көлігі бойынша жолаушылар тасымалымен айналысатын мердігер үстіміздегі жылдың наурыз айынан бастап тағы бір көлікті қосуды жоспарлап отыр.

****

  1. жанара Исмагулова: когда будут асфальтиррвать дороги в 13 м?

Ответ: В текущем году запланирована разработка проектно-сметно документации на строительство дороги в 13 мкр., и проведение экспертизы. Реализация проекта будет по мере финансирования.

****

  1. Гульнара Мухтубаева: Могут ли выделить деньги на малый бизнес

Ответ: Средства на поддержку и развитие малого бизнеса предоставляются через реализацию государственных программ«Дорожная карта бизнеса-2025», «Экономика простых вещей», «Развитие продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017-2021г «Енбек».

         Так Правительством РК в соответствии с поручениями Главы государство по поддержке предпринимателей утверждены изменения в программе «Дорожная карта бизнеса-2025» (ДКБ-2025), и «Экономика простых вещей» (ЭПВ).

         В часности в программу «ДКБ-2025» внесены седующие изменения:

  1. Для начинающего предпринимателя по 1 направлению Программы гарантируется кредиты до 180 млн. тенге, по 2 направлению гарантируются кредиты до 360 млн. тенге. При этом гарантируется 85% от суммы кредита;
  2. Для действующих предпринимателей по 1 направлению Программы гарантируется кредиты до 360 млн. тенге, по 2 направлению гарантируются кредиты до 1 млрд. тенге. Гарантируется 50% от суммы кредита;
  3. Гарантированию подлежат кредиты, направленные на 100% пополнение оборотных средств (ПОС) до 360 млн. тенге по 1 направлению Программы, 500 млн. тенге по 2 направлению, на проекты направленные на пополнение оборотных средств в отраслях торговли сумма кредита ограничена 100 млн. тенге;

      По программе «ЭПВ» увеличено общее финансирование программы до 1 трлн. тенге со сроком погашения до 10 лет.

        Государством выделено дополнительное финансирование на реализацию данных изменений на субсидии и гарантии «ДКБ-2025» и «ЭПВ» на 2020 год к существующим средствам дополнительно выделяется 44 млрд. тенге.

****

  1. Гульнара Мухтубаева: ​Дороги в Бурлине

Ответ: Для проведения капитального ремонта улиц Чапаева и Садовая в с. Бурлин направлена бюджетная заявка на выделение средств из республиканского бюджета в рамках государственной программы «Ауыл – Ел бесігі». Кроме этого, согласно требованиям госпрограммы софинансирование из районного бюджета в размере 20% уже предусмотрена.