АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ   ХАБАРЛАМА

«Жайық Пресс» ЖШС Бөрлі аудандық «Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести» қоғамдық-саяси газетінің (бұдан әрі – Газет) меншік иесі 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутатына сайлауына қатысу үшін ұсынылған үміткерлерге сайлауалды үгіт-насихат материалдарын баспасөз бетінде орналастыру шарттарын ұсынады.

Газетке жарияланым орнын  ұсынудың  жалпы тәртібі  мен ережесі

 

Газетке жарияланым орнын ұсыну жазбаша өтініш берілген сәттегі газеттің бекітілген прайс-парақшасы негізінде жүзеге асырылады.

Газетке жарияланым орнын ұсыну Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутатына үміткерге баспалық үгіт-насихат материалдарын орналастыру жөнінде Газеттің  меншік иесімен  арада жасалған жазбаша келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Келісімшарт нұсқасы мен оған қосымша құжаттар, төменде көрсетілгеніндей, жазбаша өтініш жазылған жағдайда ұсынылады. Үміткердің/сенімді өкілдің Газетке жарияланым орнын ұсыну жөніндегі келісімшартқа қол қоюы үміткердің/сенімді өкілдің сайлауалды үгіт-насихат жүргізумен байланысты Газет қызметін қабылдауға келіскені болып табылады. Мұндай келісімшартты жасау үшін үміткер/сенімді өкіл Газеттің меншік иесіне төмендегі ақпараттары бар жазбаша өтініш жасауы керек:

– жазбаша өтініштің тіркеу нөмірі, мерзімі және уақыты;

– жазбаша өтініш беруші үміткердің/сенімді өкілдің аты-жөні, тегі;

– жазбаша өтініш беруге құзыреттілігін  дәлелдейтін  құжат;

– үміткердің/сенімді өкілдің құзыретті мемлекеттік органдар тарапынан берілген жеке куәлігі,  ҚР заңнамаларына сәйкес басқа да құжаттар;

– жарияланым орнының көлемі және ұсыну уақыты көрсетілген жазбаша өтініштің, үгіт-насихаттық баспа материалының мәтіні;

– үміткердің немесе сенімді өкілдің қолы.

Жазбаша өтінішке онда сілтеме жасалған құжаттардың көшірмесі қоса беріледі.

Жарияланымда оның ақысы төленгендігі, материалдың шығуына жауапты тұлғалар, қаржыландыру көздері туралы мәліметтер және ақпаратты ұсынушы тұлғаның тегі болуы тиіс.

Баспа материалдарының орналасу кезегін Газет жазбаша өтініштердің түсу ретіне орай бекітеді. Бірнеше үміткерден/сенімді өкілден жазбаша өтініш бір мезгілде түскен жағдайда Газет сол күні жеребе өткізеді. Жеребеге баспа материалдарын орналастыру кезегін талап етуші үміткерлер немесе үміткерлердің мүддесін қорғайтын сенімді өкілдер және жеребенің тәуелсіз сарапшысы ретінде БАҚ өкілі қатысады. Әрбір үміткерге/сенімді өкілге баспа материалын орналастырудың мерзімі салынған жабық конверттің біреуін таңдау ұсынылады. Конверт саны жеребеге түсуші жақтардың санымен тең болады. Жеребе аяқталған соң жеребеге қатысушы жақтардың өкілдері мен БАҚ өкілі жеребенің хаттамасына қол қояды. Жеребе нәтижесі (хаттама көшірмесі) тиісті сайлау комиссиясына жіберіледі.

 

Үгіт-насихаттық  баспа  материалдарының берілу  тәртібі

 

Үгіт-насихаттық баспа материалдары Газетке ҚР «Сайлау туралы» Заңының 28-бабы, 3-тармағында қарастырылғандай көлемде дайын күйінде жарияланым орнын ұсыну жөнінде Газеттің меншік иесімен келісімшартқа қол қоятындай құзыреті бар тұлғаның қолы қойылған күйінде ұсынылады.

Үгіт-насихаттық баспа материалдары Газетке оның Газетке жарияланатын уақытынан 7 (жеті)  жұмыс  күні  бұрын  ұсынылады.

Егер мәтінінде конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттік қауіпсіздікті шайқалтуға, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, рулық және тайпалық алауыздыққа, қатыгездік пен күш қолдануға, сондай-ақ заңда қарастырылмаған әскерилендірілген құрылымдар құруға шақырған идеялар көрініс тапса және заңда көзделген басқа да негіздерге орай Газет үгіт-насихаттық баспа материалдарын қабылдаудан  бас  тартуға  құқылы.

 

Газет  ұсынатын  баспа  орнының  көлемі  мен  ақы төлеу тәртібі

 

2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі  мен мәслихат депутатына сайлауына қатысушы үміткерлерге жарияланым орнын ұсынғаны үшін төленетін ақы мөлшері Газет бекіткен прайс-парақша негізінде:

– 1 шаршы см – 120 теңге;

Жарияланым орнын ұсынғаны үшін төлемақы тиісті сайлау қорының есебінен толық көлемде алдын ала аударылуы тиіс.

Алдын ала төлеу Газет ұсынған есепшот негізінде осы есепшот берілгеннен кейінгі 3 (үш) операциялық  күн  ішінде жүргізілуі тиіс.

Төлеу Газетке жарияланым орнын ұсыну туралы келісімшартта көрсетілген Газеттің банк реквизиттеріне сәйкес немесе ұсынған есепшот негізінде жасалады.