Бүгін заңнама талаптарына сәйкес Достық, Қарағанды және Қарақұдық ауылдарының тұрғындарымен есептік кездесу өткізілді

Бүгін заңнама талаптарына сәйкес Достық, Қарағанды және Қарақұдық ауылдарының тұрғындарымен есептік кездесу өткізілді

Кездесу барысында аудан көлемінде атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ тұрғындардың ұсыныс-тілектері мен өзекті мәселелері тыңдалып, жеке қабылдау ұйымдастырылды.

Өңірдің дамуына белсенді атсалысып, кездесуге қатысқан барлық ауыл тұрғындарына ризашылығымды білдіремін.

Мұндай есептік кездесулер ауданның өзге де ауылдық округтерінде өз жалғасын табады.