
Бөрлі ауданы әкімдігі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында ағымдағы жылғы 10 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін «Ашық әкімдік» форматында бірыңғай азаматтарды қабылдау өтетінін хабарлайды.
Аталған шара барысында Бөрлі ауданының әкімі, оның орынбасарлары, құқық қорғау органдарының өкілдері және аудандық дербес бөлімдердің басшылары азаматтарды қабылдайтын болады.
Өтетін орны: аудандық мәдениет үйі.
Анықтама үшін байланыс телефоны: 8 (71133) 40-0-67.