«Зерде» республикалық байқауында жас таланттардың жеңістері

«Зерде» республикалық байқауында жас таланттардың жеңістері

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 28–31 қаңтар аралығында өткен ХХІ «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының (2–7 сынып оқушылары арасында) қорытындысы шығарылды.

Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту және интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған конкурс Ақмола облысы, Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында өтті.

ІІІ орын жүлдегері:
Соколов Даниил — Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы
(STEAM технологиялар, инженерия, информатика бағыты)
Жетекшісі: Соколов Татьяна Анатольевна.

Грамота иегері:
Каламбетов Юрий — Ақсай қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы
(Физика, техника / космос бағыты)
Жетекшісі: Мустафиева Жанар Аманжановна.