ҰҚК Шекара қызметінің 2026 жылғы қаңтардағы іс-қимыл нәтижелері туралы

ҰҚК Шекара қызметінің 2026 жылғы қаңтардағы іс-қимыл нәтижелері туралы

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2026 жылғы қаңтарда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:

Шекара кеңістігінде 3 026 ҚР заңнамаларын бұзушыларды ұстады, соның ішінде 2 594 шетел азаматы.

 

Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 1 062 фактісінің алды алынды, соның ішінде:

25 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (2 мылтық, 66 дана суық қару, 3 дана жарық-дыбыс гранатасы, 78 дана оқ-дәрілер);

580 факті – 60 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары;

376 факті – жалпы сомасы 620 млн теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;

81 факті – жалпы сомасы 860 млн теңгеден астам шетел валютасы.

 

Каспий су айдынында браконьерлік іс-әрекеттердің 5 фактісінің жолы кесілді, заңсыз балық аулау құралдары тәркіленді.

 

Бұл фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

 

ҰҚК баспасөз қызметі