Бөрлі ауданының шаңғышылары – ауыл ойындарында жарқын жеңістермен!

Бөрлі ауданының шаңғышылары – ауыл ойындарында жарқын жеңістермен!

Көкшетау және Щучинск қалаларында өтіп жатқан ІV республикалық ауыл жасөспірімдерінің қысқы спорт ойындарында БҚО, Бөрлі ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары тамаша нәтижелерге қол жеткізіп, өңір намысын абыроймен қорғап келеді.

Алдымен, Көкшетауда өткен жарыста
Жанерке Тудахунова үздік өнер көрсетіп, үлкен жасөспірім қыздар арасындағы шаңғы жарысында алтын медаль иеленіп, ауыл ойындарының чемпионы атанды.
Жанерке кеше ғана Финляндиядағы халықаралық жарыстан оралып, ешқандай үзіліссіз жоғары нәтижеге қол жеткізуі – нағыз кәсіби спортшыдағы қажыр мен ерліктің көрінісі.

Щучинск қаласында басталған шаңғы сайыстарында да Бөрлілік спортшылар қуантты:
• Әлішер Маликов – алтын медаль
• Андрей Пирог – қола медаль

Сонымен бірге, орта жасөспірім қыздар арасындағы жарыста:
• Анастасия Соколова – алтын медаль
• Лейла Мукатова – қола медаль
иеленіп, облыс қоржынына тағы да жүлде салды.

Барлық спортшыларды жарысқа дайындауда үлкен еңбек еткен жаттықтырушы
Сагиналиев Ислам Елемесұлына ерекше алғыс білдіреміз.

Бөрлі ауданының спортшыларының бұл жетістіктері – өңіріміздің мақтанышы!
Жас спортшыларымызға алдағы жарыстарда да сәттілік, жоғары нәтиже және жаңа белестер тілейміз!