
Ағымдағы жылдың 1 сәуір күні Пугачёв ауылдық округінде орналасқан Бесағаш ауылының маңындағы бөгетінде судың көп мөлшерінде жиналуы себебінен су ағысы бойынша төменде орналасқан Бесағаш ауылына қауіп төнді. Осыған орай, Бөрлі ауданы ТЖБ, ЖАО қызметкерлері, КПО б.в. арнайы техникасы арқылы Бесағаш ауылының тұрғындарын эвакуациялау үшін Ақсай қаласынан шықты. Түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, халықты су тасқыны кезінде іс-қимылдарын пысықтады, малдарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарына үлес қосылды. Аталмыш ауылдан 5 адам (оның ішінде 4 бала) Ақсай қаласындағы туысқандарына эвакуациялнды, қалған тұрғындар эвакуациялаудан бас тартты.
Ағымдағы жылдың 2 сәуірі сағат сағат 04:18-де Бесағаш ауылының маңындағы бөгеннің бұзылуы туралы хабар түсті. Оқиға орнына Бөрлі ауданының ТЖБ, ЖАО арнайы техникалармен шықты.
Осыған орай, құрметті Бөрлі ауданының тұрғындары мен қонақтары, ЖАО мен ТЖБ ескертулеріне баса назар аударып, сіздің өміріңізді сақтау үшін айтылған барлық іс-шараларды бұлжытпай орындайыңызды сұраймыз!!!