
Қала аумағында Азаматтық қорғаныс құрылымдары, мердігер компания қызметкерлері және жекелеген тұрғындардың өтінімдері бойынша аулалардан суды бұру жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар су басу қаупі аса жоғары аумақтарға құм толтырылған қапшықтар қойылуда. Бұл жұмысқа жергілікті атқарушы органның, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылған.
Сондай-ақ әкімдік пен төтенше жағдайлар қызметінің арнайы техникасымен суды әкету, бұру жұмыстары атқарылуда.