2025 жылғы 2 наурызда Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 27923 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 2517 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 151 адам қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Бөрлі ауданының Ақсай қаласы әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Баяндыков Арсен Толкынович үшін сайлаушылардың 1362 дауысы берілді,
Габидуллин Избасар Сагынгалиевич үшін сайлаушылардың 326 дауысы берілді,
Утепбергенов Аблай Гарифолаевич үшін сайлаушылардың 558 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 159.
Сайлау қорытындысымен Бөрлі ауданы Ақсай қаласының әкімі болып сайланды:
– Баяндыков Арсен Толкынович, 1982 жылы туған, Бөрлі ауданы Ақсай қаласының әкімі, Ақсай қаласы.
Бөрлі ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы