2024 жылғы 8 желтоқсанда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Бөрлі аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 2806 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 434 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 35 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Бөрлі аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
№ 8 сайлау округі бойынша
Исламғали Сәләмат Ергенұлы үшін сайлаушылардың 78 дауысы берілді,
Кунакаева Назгуль Махотовна үшін сайлаушылардың 60 дауысы берілді,
Пермитина Вераника Николаевна үшін сайлаушылардың 240 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 33.
Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Бөрлі аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды:
№ 8 сайлау округі бойынша – Пермитина Вераника Николаевна, 1987 жылы туған, «Amanat» партиясының Бөрлі аудандық филиалының атқарушысы хатшысы, Ақсай қаласы.
Бөрлі ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы