Бөрлі ауданының №8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Бөрлі аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына
кандидаттарды тіркеу хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 16-1 бабының 6) тармақшасына және 104 бабының 6-1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Бөрлі ауданының №8 округтік сайлау комиссиясы 2024 жылдың 13 қарашасы күні Бөрлі ауданының №8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Бөрлі аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына келесі кандидаттарды тіркеді:
1.Исламғали Сәләмат Есенұлы - 1993 жылы туған, "Жас қанат" ЖҚБ төрағасы, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Озерный ауылында тұрады;
2.Кунакаева Назгүл Махотқызы – 1990 жылы туған, Бөрлі аудандық демалыс орталығына ведомстволық бағынысты "Достық" Достық үйінің мәдени ұйымдастырушысы, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласында тұрады;
3.Пермитина Вераника Николаевна - 1987 жылы туған, "Аманат" партиясы Бөрлі аудандық филиалының атқарушы хатшысы, "Аманат" партиясы ұсынған, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласында тұрады.