Халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қанай ауылына Бөрлі ауданының ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімдерінің басшылары, "Мансап" орталығының басшысы мен маманы келіп,  әлеуметтік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауыл шаруашылық кооперативтерін құру, "Ауыл аманаты" жобасы  және "Күміс жас", "Әлеуметтік жұмыс орны", "Жастар практикасы", "Алғашқы жұмыс орны" бағдарламалары және шағын несие, мемлекеттік грант жөнінде толық ақпарат беріп, сұрақтарға жауап берді.