Құрметті жерлестер!
Баршаңызды әлем мұсылмандары үшін қасиетті болған – Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Рамазан – адамзат баласын татулық пен бейбітшілікке, мейірім мен ізгілікке үндейтін қадірлі ай. Бұл айда ораза ұстау – мұсылмандық шарттың бірі, әрі рухани жаңару мен тазарудың бірден-бір көзі. Ораза – адамзат баласын сабырлыққа тәрбиелеп, бардың бағасына жетіп, әлеуметтік тұрғыда әлсіз топтарға қайырымдылық жасауға шақыратын қасиетті парыздың бірі.
Ардақты ағайын!
Үлкен тәрбие мектебі, рухани кемелденуге бастайтын Рамазан айында жасаған амалдарыңыз бен ізгі ниеттеріңізді Алла тағала қабыл еткей. Әрбір отбасына амандық, толағай табыс, ырыс пен ынтымақ тілеймін, есендік пен саулықта келесі Рамазан айына аман жетуге тілектеспін!