Аудан әкімдігінде аудан басшысы Нұрлыбек Даумовтың төрағалығымен ауданымызға жеке инвестиция тарту, «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылуы, жолдардың жөнделуі мен автомобиль жолдарын күтіп ұстау, елді мекендердің абаттандырылуы мен көгалдандыру жоспары және "AMANAT" партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы, мәслихат депуттаттары, аудан әкімі орынбасары, аудандық дербес бөлімдер мен мекемелер басшылары, ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сүйінбек Хайруллин жеке инвестиция тарту және "Ауыл аманаты" бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Сисенов үстіміздегі жылы ауылдарымызда жүргізілетін жолдардың жөнделуі мен аудандық маңызы бар жолдардың күтіп ұсталуы және елді мекендерде абаттандыру, көгалдандыру мақсатында қабылданған "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясының аудан көлемінде жүзеге асырылуы барысы жайында, "AMANAT" партиясы аудандық филиалының төрағасы Жалғас Ташуов партияның 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламаның жол картасында ауданымызға қатысты көрсеткіштерінің орындалуы бойынша баяндама жасады.
Жиын барысында аудандық мәслихат депуттары баяндамашыларға сауалдарын қойып, өз ұсыныс-пікірлерін де жеткізді.
Жарыссөзде аудандық мәслихат депуттатары тарапынан көтерілген барлық сұрақтарға аудан басшысы тиісінше жауап беріп, айтылған ұсыныстардың аяқсыз қалмайтынын ескертті.
Жиын соңында аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева ауданымыздағы өзекті мәселелерді шешуде аудандық мәслихат депутаттары да атсалыса беретін айтса, аудан басшысы Нұрлыбек Даумов жоғарыда аталған мәселелер үнемі күн тәртібінен түспей қатаң бақылауда болып, орындау бойынша ауданның бөлім басшылары мен округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.