«Еңбек жолы-2025» республикалық конкурсы

«Еңбек жолы-2025» республикалық конкурсы

Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін «Еңбек жолы-2025» республикалық конкурсына қатысуға шақырады.

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарлама мақаласында қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыру қажеттілігін атап өткендігі баршаға мәлім.

Мемлекет басшысының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы аясында, Еңбек адамының беделін жоғарылату, еңбек өнімділігін ынталандыру, жұмыскерлер кәсіптерін насихаттау, жастарды өндіріс саласына тарту, көпжылдық еңбек әулеттері салтын сақтау мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен «Еңбек күні» бекітіліп, еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек Жолы» республикалық конкурсы белгіленді.

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету мақсатында Министрлікпен өткен жылдан бастап еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек Жолы» республикалық конкурсы белгіленді.

«Еңбек күнін мерекелеуге арналған «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» Республикалық Форумы аясында аудандық (қалалық) және облыстық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсы өткізілетін болады.

«Еңбек жолы» конкурсын (әрі қарай- Конкурс) өткізу мақсаттары:

1) ұрпақтар сабақтастығын сақтау;

2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;

3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;

4) жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу;

5) «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.

Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі республикалық және өңірлік (облыстық, қалалық және аудандық) комиссиялар мынадай номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды:

 

1) «Үздік еңбек әулеті»

Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.

Еңбек әулеті– бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.

Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс;

2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»

Бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.

3) «Өндірістің үздік жас маманы»

Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.

Конкурсқа қатысушылар екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады:

1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

2) жеке куәліктің көшірмесін;

3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан артық бейнероликті (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);

4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және
т.б.)
 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);

5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама);

6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат.

Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері):

мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

      Конкурс 2 кезеңнен тұрады:

      1- кезең жергілікті деңгейде өткізіледі:

      1) қалалық және аудандық деңгейдегі үздік әулеттер мен жұмысшылар анықталады;

      2) облыс жеңімпаздары қалалық және аудандық деңгейдегі үздік әулет пен жұмысшылар арасынан анықталады.

2-кезең республикалық деңгейде облыстар жеңімпаздары арасында өткізіледі:

1) облыс жеңімпаздарының видеороликтары мен презентациялары ұсынылады;

2) сәйкес облыс жеңімпаздарына ұсынылған материалдар зерттеледі.

Марапаттау рәсімі ағымдағы жылы Астана қаласында республикалық форум өткізілетін күні өтеді.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2025 жылдың 1 маусымына дейін.

 

Конкурс туралы толық ақпаратты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz сайтынан немесе Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, мына   мекен-жайы бойынша: Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Бөкейхан көшесі, 2 құрылыс  байланыс телефоны 8(71140) 21-3-61, 21-2-61 арқылы алуға болады.