БОКСТАН АШЫҚ ТУРНИР

БОКСТАН АШЫҚ ТУРНИР

Ауданымызда алғаш рет 2012-2015 жылдар аралығында туған жасөспірімдер арасында бокстан өткен ашық турнир өз мәресіне жетті. Бокс бәсекесіне Орал қаласынан, Теректі, Бәйтерек, Қаратөбе, көршілес Жәнібек, Казталов, Жаңақала аудандарынан және ауданымыздың Хан Ордасы ауылы үйірмесінің жас боксшылары қатысты. Жалпы 12 командадан 150 балғын боксшы өзара бақтарын сынады.

Үш күнге созылған бокс бәсекесінде, әр салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды. Финалдық кездесулерге арнайы қатысқан аудан басшысы Нұрлыбек Даумов марапаттау салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жеңісімен құттықтап, диплом, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

Байрақты бәсекеде бой көркеткен бөкейлік оғландар 3 алтын, 3 күміс, 6 қолаға ие болды.