Мұратсай су қоймасындағы киіктердің өлекселері тазартылды

Мұратсай су қоймасындағы киіктердің өлекселері тазартылды

2024 жылдың 11-12 сәуірінде ақбөкендердің аудан аумағынан жаппай қоныс аударуы кезінде Бөкей ордасы ауданы, Мұратсай ауылдық округінің Жәнібек ауданына қарай бағыттағы Мұратсай су қоймасында көптеген ақбөкендердің суға батып өлгендігі анықталған болатын. Жергілікті жерде Бөкей ордасы ауданы әкімдігі, Мұратсай және ауылға көршілес Бисен, Орда және Сайқын ауылдық округтері әкімшіліктерінің қызметкерлері, еріктілер, ветеринариялық дәрігерлер мен өзге құзырлы мекемелердің қызметкерлерімен 5000 мыңға жуық өлген жануарларды судан шығару және оларды арнайы полигонға апарып жою жұмыстары жүргізіліп, аяқталды.