Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының жоспардан тыс отырысы өтті

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының жоспардан тыс отырысы өтті

Облыс әкімінің шешімімен ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап облыс аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Осыған орай, 3 сәуір күні аудан әкімі Н.Даумовтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының жоспардан тыс отырысы өтті.

Отырысқа төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия мүшелері, мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және ауылдық округі әкімдері «ZOOM» қосымшасы арқылы қатысты.

Күн тәртібінде Бөкей ордасы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы А.Сағитовтың ауданның азаматтық қорғау қызметкерлерінің күштері мен құралдарының төтенше жағдайларды жоюға дайындығы туралы баяндамасы тыңдалды.

Н.Даумов жасалған баяндама негізінде ауданды су басу қаупі болмағанымен, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын жүргізу мақсатында, дайындық жұмыстарын күшейтіп, азаматтық құрылымдарының құрамындағы техникаларды ретке келтіру, эвакуациялық пунктерді нақтылау, қажетті құрал жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ, өртке қарсы күресті барынша күшейту қажеттігі және ветеринариялық іс шараларды (мал молаларын реттеу, еріткіш сұйықтық сатып алу) жүргізу жөнінде ауыл әкімдеріне тапсырма берді.

Жиын соңында, аудан басшысы ағымдағы жылдың 15 сәуір күні азаматтық қорғаудың құрылымдарымен ауданда төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға оқу-жаттығуларын өткізу қажеттілігі туралы айтты.