2023 жылғы 5 қарашада Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 9141 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 6270 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 828 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Бөкей ордасы ауданы әкімдерінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Гильманов Мирамбек Мударесұлы үшін сайлаушылардың 782 дауысы берілді,
Даумов Нұрлыбек Жасқайратұлы үшін сайлаушылардың 4660 дауысы берілді,
Кереш Нарынбек Сегізбайұлы үшін сайлаушылардың 426 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 178.
Сайлау қорытындыларымен Бөкей ордасы ауданының әкімі болып Даумов Нұрлыбек Жасқайратұлы сайланды, 1981 жылы туған, Бөкей ордасы ауданының әкімі, Сайқын ауылы.
Бөкей ордасы аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы