Бөкей ордасы ауданының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жаңа басшысы тағайындалды

Бөкей ордасы ауданының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жаңа басшысы тағайындалды

Бөкей ордасы ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Бижановтың 2022 жылдың 6 қыркүйектегі №40 бұйрығымен Бөкей ордасы аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы лауазымына Жангелді Амангелдіұлы Тулешев тағайындалды.

Тулешев Жангелді Амангелдіұлы 1995 жылы 25 мамырда Бөкей ордасы ауданы Хан Ордасы ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары:
2013-2015 жж - АТиСО академиялық колледжі - іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану мамандығы,
2014-2015 жж - <Жас Отан» жастар саясаты-1 жылдық курс,
2015-2019 жж - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті - туризм мамандығы,
2020-2022 жж - Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті - тарих пәні мұғалімі мамандығы.

Еңбек өтілі:

01.07.2016 -31.12.2016 жж - Бөкей ордасы тарихи-музей кешені - жастар практикасы,
04.01.2017 - 03.07.2018 жж - Бөкей ордасы тарихи-музей кешені - іс жүргізуші,
03.07.2018 - 18.01.2021 жж - Бөкей ордасы тарихи-музей кешені - уақытша экскурсия жүргізуші,
18.01.2021 - 01.02.2022 жж - Хан Ордасы тарихи-мәдени архитектуралық-этнографиялық музей қорығы - әдістемеші,
01.02.2022 жылдан - бүгінгі күнге дейін БҚО Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей қорығының-Экскурсия және көпшілікпен жұмыс бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Отбасылық жағдайы:
Отбасылы, 2 ұл, 1 қызы бар.