«Қауіпсіз балалық шақ – 2022» акция аясында, білім беру бөлімінің бас маманы Б.Қадыров және аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Ж.Тулеугалиев пен Е.Ерболатұлы, Сайқын ауылындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көше жолдарына рейд жүргізді. Рейд нәтижесінде жол бойында ойнап жүрген балаларға, ата-аналарына баларды қараусыз калдырмау жөнінде және жол қауіпсіздігінің ережелерін сақтау керектігі түсіндірілді.