Ұлттық музейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Бөкей Ордасының 220 жылдығы және Қазақстандағы тұңғыш мектеп – Жәңгір училищесінің 180 жылдығы аясында «Бөкей Ордасы - ел мұрасы» атты көрме өтті

ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Бөкей Ордасының 220 жылдығы және Қазақстандағы тұңғыш мектеп – Жәңгір училищесінің 180 жылдығы аясында «Бөкей Ордасы - ел мұрасы» атты көрме өтті.

Шараның мақсаты – Бөкей Ордасының тарихын кең көлемде насихаттау, Бөкей хандығынан қалған тарихи-мәдени мұраны сақтау, хан Жәңгір негізін қалаған Хан Ордасының туристік дамуына ықпал ету.

Сонымен қатар, іс-шара барысында «Бөкей хандығы – өркениет ордасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.