Мұратсай және Орда ауылдық округтерінде "Ашық әкімдік" бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өткізілді

Мұратсай және Орда ауылдық округтерінде "Ашық әкімдік" бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өткізілді

Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов бастаған тиісті мекеме басшылары Мұратсай және Орда ауылдық округтеріне барып "Ашық әкімдік" бірыңғай қабылдауын өткізді. Ауыл тұрғындарын жекелей қабылдап, тұщымды жауап берді.

"Ашық әкімдікке" келушілер көтерген мәселерді топтастырып көрсетсек,

✏ екі азамат баспаналарының апатты жағдайда тұрғанын айтып, қолдау сұраса;

✏мұғалім мамандығына екі азамат тұрақты жұмыс сұрап келсе;

✏бір ауыл тұрғыны мал ұрлығы мен мал бағымы, ауыл шаруашылығы өндірістік коператив құру мәселесін көтерді.

Ең көкейтесті мәселе - интернеттің қолжетімсіздігі болды. Орда ауылдық округінде 13 адам Бөкей ордасы сату учаскесі агенттігінің бастығы Арбек Аманғалиевке жолықты. - Осы шаруамен қабылдауыма келген алты абоненттің мәселесі сол жерде шешіліп, тағы бір жетеуінің арызы жақын арада қанағаттандырылатын болады, - дейді Арбек Аманғалиев.