2021 жылғы 5 қазанда онлайн форматта мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

2021 жылғы 5 қазанда онлайн форматта мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

Ағымдағы жылдың 5 қазанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің бастамасымен Бөкей ордасы ауданының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ZOOM платформасы және аудан әкімдігінің Facebook парақшасында онлайн форматта жәрмеңке өткізілді. Аталған іс-шарада Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және бірыңғай персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы О.Нүркенов сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған бұл іс-шараның маңыздылығын атап өтті.  Өз кезегінде, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Р.Карин, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ж. Мұхитов, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Қ. Болатов, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Т. Абдрешов өз саласындағы мемлекеттік қызметтер туралы баяндама жасады.