Президент Жолдауын жүзеге асыру бойынша аудан активінің жиналысы өтті

Президент Жолдауын жүзеге асыру бойынша аудан активінің жиналысы өтті

Аудан әкімдігінде өткен аудан активінің жиыны ел Президенті Қ.Тоқаевтің биылғы "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркедеуінің берік негізі" атты Жолдауынан туындаған тапсырмаларға арналды.
Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов аудан аумағында орындалуы қажет жайттарды баса айтып, оны тиісті сала басшыларына жүктеді.
Аудандық кәсіпкерлер палатасы директоры Бибігүл Жұмағұлова, аудандық орталықтандырылған кітапхана директоры Айнагүл Батырханова және жастармен жұмыс ресурстық орталығының директоры Райымбек Құрмағазиев Жолдаудан серпін алғандарын айтып, ондағы игі бастамаларды жүзеге асыруда бірлесе жұмыстануға шақырды.