Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

ҚР Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі «Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»       № 413 Жарлығымен бекітілген Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 50-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №908 қаулысымен Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 ақпандағы №19 «БҚО бойынша бәсекелес ортаға беруге жататын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» қаулысына сай, бәсекелестік  ортаға беруге жататын («Жаңғырту 2013» ЖШС) коммуналдық меншіктегі ұйым, бекітілген Жол карталарына сай мемлекеттік мүлік тізіліміне (gosreestr.kz) енгізілді.

Жоғарыда көрсетілген ұйымды бәсекелес ортаға беру үшін «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №17 бұйрығына сай  кейіннен сатып алу құқығымен  жекешелендірілетін болады.

«Бөкей ордасы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ  2021 жылдың  маусым-қыркүйек айлары аралығында www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында, аудандық коммуналдық мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер өткізілетіндігін жариялайды.

Тендерге келесі объекті ұсынылады:

Мүліктік кешен ретінде БҚО, Бөкейордасы ауданы Сайқын ауылы, Орда көшесі, 32 мекенжайында орналасқан «Жаңғырту 2013» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Қосымша ақпаратты 8(71140)21-601, 21-160 телефоны немесе БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т.Жарокова көш., №31  мекен жайы бойынша алуға болады.