Бүгін Хан Ордасы - Орал маршруты жұмысын бастады

Бүгін Хан Ордасы - Орал маршруты жұмысын бастады

Маршруттың алғашқы жолаушыларын құттықтау мақсатында арнайы шара ұйымдастырылып, шараға БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Шиниязов Тимур Серікұлы, аудан әкімінің орынбасары Меңешов Біржан Нұрланұлы, тиісті мекеме өкілдері, еңбек ардагерлерімен жергілікті тұрғындар қатынасты. Осындай маршруттар кестеге сәйкес Сайқын және Бисен ауылдарынан да жүретін болады.