Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды

Ауыл жастарымен жұмыс жөніндегі маманы (В-4-2) – 1 бірлік. Орда ауылдық округі. Тұрақты.

Қойылатын талаптар: Білімі жоғары немесе арнаулы орта, гуманитарлық, экономикалық, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бағытындағы жұмыс өтілі болуы керек. Компьютер және оргтехника құралдарымен жұмыс жасай білу.

Қызметтік міндеттері: Ауылдық округте мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға атсалысады, әдістемелік көмек көрсетеді. 14 пен 29 жас аралығындағы әртүрлі мамандықтар бойынша жұмыссыз жастардың тізімін, аудандағы оқу орындарын бітіруші түлектердің базасын, сәйкесті мекемелермен бірлесе отырып бос жұмыс орындары базасын жасақтайды. Бос жұмыс орындарына жұмыссыз жастардың орналасуына, сұранысқа қажетті мамандық иелерін анықтауға, білікті кадрларды дайындауды жоспарлауға қатысады. Жастардың патриоттық және азаматтық тұрғыда қалыптасуы, ұлттық мәдениет пен тiлдi дамыту үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету болып табылады. Жастардың мәдени, спорттық, туризм бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады. Ауылдық округте жастарға арнап «дөңгелек үстел», семинар, кездесулер мен кеңес берулер өткізу. Округ бойынша айлық, тоқсандық, жылдық есептердің уақытылы беруін қамтамасыз етеді. Орталық басшысының күнделікті тапсырмаларын орындайды.

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығы негізінде жүргізіледі. Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1. Белгіленген нысандағы өтініш
2. Жеке куәлігінің көшірмесі
3. Түйіндеме
4. Білімі туралы құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі
5. Еңбек қызметі туралы құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі
6. №086 медициналық анықтама
7. Сотталмағандығы жөніндегі анықтама.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы оны қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысу үшін хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарындарының ресми басылымдарында жарияланған күннен бастап 15 күн ішінде тапсырылуы тиіс.
Мекен-жайы: Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т.Масин көшесі 1 үй.
Анықтама телефоны: 21-388. Е-mail: rsbokeyorda@mail.ru