Менің аулам - менің бағым

Менің аулам - менің бағым

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданымызда «Менің аулам – менің бағым» жобасын жүзеге асыру көзделуде. Жоба аясында ауылдық жерлерде, отбасы өз үйлерінің ауласынан бақша өсіріп, табыс таба алады. Ол үшін аулада 20-50 шаршы метр жер телімі болса жеткілікті. Сонымен қатар «Еңбек» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарына 100-580 мың теңге аралығында қайтарымсыз грант беру көзделген, ол үшін «Бастау Бизнес» жобасы арқылы оқу аяқтау қажет.

Биылдан бастап бағдарлама аясында грант есебінен жеміс-жидек бұталары мен ағаш көшеттерін беру ұсынысы енгізілді.

Казіргі танда бау-бақша өсірудің пайдасы мол. Өйткені жеміс-жидектерге, сондай-ақ одан өндірілген джем, тосап, кептірілген жеміс сияқты өнімдерге нарықта сұраныс мол.

Жоғарыда айтылған тиімді жобаға ауыл тұрғындарын қатысуға шақырамыз. Толық ақпаратты Бөкей ордасы аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына келіп немесе 8(71140)21-366 телефоны арқылы білуге болады.