Вакцинация - коронавирустық инфекциядан қорғаудың ең тиімді әдісі

Вакцинация - коронавирустық инфекциядан қорғаудың ең тиімді әдісі

Бөкей ордасы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Светлана Кадимиевна мен аудандық ауруханамыздың СӨСҚ кабинетінің медбикесі Альфия Сулеймановна аудандық білім беру бөлімі, саз мектебі, БТШО, мектептен тыс тәрбие орталығына барып, ауданымызда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияның басталғандығын хабарлап, вакцина туралы түсінік берді. Вакцинация вакцинаның келіп түсуіне байланысты кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.