Аудан орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Аудан орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Бүгін Сайқын ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің есігі тұрғындарға айқара ашылды.
Заманауи нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Ғали Есқалиев те қатысып, салтанатты түрде лентасын қиды.
Құны 428 миллион 531мың теңге тұратын заманауи спорт ғимараты 1274.1 мың шаршы метр алаңда орналасқан. Құрылысқа тапсырыс беруші «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг БиВи» компаниясы болса, жауапты мердігер «Наурыз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады.
160 адамға арналған ғимаратта келушілер күрес, бокс, баскетбол және волейбол, үстел теннисі секілді спорт түрлерімен шұғылдана алады.