МЕРЕЙТОЙ АЯСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

МЕРЕЙТОЙ АЯСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін аудан әкімі Н.Даумовтың төрағалығымен Бөкей хандығының 225 жылдығын ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Жиында басты мерейтойлық бағдарлама аясында өткізілетін іс-шаралар мен мерейтой аясында шығарылатын баспа материалдары (кітаптар), республикалық конференцияға дайындық шаралары талқыға салынды.

Жауапты мекеме басшыларына тапсырмалар беріліп, жұмыстарды жүйелі негізде ұйымдастыру тапсырылды.