
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы ұйымдастырған «Үздік білім беру бөлімі – 2026» облыстық рейтингінің қорытындылау салтанатында Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі жүлделі ІІ орынға ие болды.
Бұл – ауданымыздың білім саласында еңбек етіп жүрген әрбір педагогтің, білім беру ұйымдары басшыларының, әдіскерлер мен бөлім қызметкерлерінің жүйелі еңбегі мен кәсіби шеберлігінің жемісі.
Н.Умарова бастаған білім саласы қызметкерлерін құттықтаймыз!