АДО-да ЖАҢА БАСШЫ

АДО-да ЖАҢА БАСШЫ

Бүгін аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данагүл Ғайноллинаның бұйрығымен Сабиров Нүркен Хайроллаұлы аудандық мәдени орталықтың басшысы боп тағайындалды.

Бөлім басшысы Данагүл Берікқызы ұжымды жинап, жаңа басшымен таныстырды.

- Аудандық мәдени демалыс орталығының жұмысы қауырт, қызметі жауапты. Кез келген мейрам, аталып өтілетін айтулы күн, жақсылықтың бәрінің басы-қасында мәдениет қызметкерлері жүреді. Аудан тұрғындарының кезекті демалысын ән-күймен, әсерлі кешпен мағыналы өткізуге тырысатын еңбектеріңізді жақсы білемін, құрметтеймін. Алда айтулы күндер, ауданның мерейтойы, аудан үшін сындарлы сәт. Бірлігіміз бен біліктілігіміз сынға түсетін жауапты кезеңдерден абыройлы өтейік. Ол үшін әрине, ұжымның ұйымшылдығы, басшының кәсіби шеберлігі керек. Осындай жауапты жұмысты абыройлы атқарады деген сенімдемін, - деді Данагүл Берікқызы өз сөзінде.

Нүркен Сабиров сенім артқан басшылыққа алғысын білдіріп, үдеден шығуға тырысатынын айтты.

Ұжым атынан сөз алған Ерболат Ахметов, Жоламан Сисенғалиевтер жаңа басшының жұмысына сәттілік тіледі