
Жоғары оқу орындарында мемлекеттік грант негізінде білім алып, оқуын жоғары көрсеткішпен (GPA 3,33-тен жоғары) аяқтаған түлектерге мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігі беріледі. Бұл бастама дарынды әрі білікті жастарды мемлекеттік қызметке тартуға, сондай-ақ өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға бағытталған.
Жас маманға жауапты қызметінде сәттілік тілейміз!