
Бүгін аудан басшысы Нұрлыбек Даумов II жартыжылдық есеп аясында Мұратсай ауылында жергілікті тұрғындармен кездесті. Аудан басшысымен қатар есеп беру шарасына аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, «Атамекен» палатасының аудандық филиал төрағасы, мәслихат депутаты Бибігүл Жұмағұлова, АПб басшысының орынбасары Дәурен Сертеков, аудандық аурухана директорының міндетін атқарушы Мадина Нүркенова, аудандық ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сүйінбек Хайроллин, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Руслан Карин, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының у.м.а Талғат Анесов және бас маманы Жасұлан Мұхитов, аудандық мансап орталығының директоры Исатай Оз және жергілікті депутат А.Нұралиев қатысты.
Әдетке сай жиын округ әкімінің есебінен басталды. Аудан көлемінде атқарылған жұмыс бойынша ақпаратпен Нұрлыбек Жасқайратұлы өзі бөліскен болатын.
Есеппен қатар ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері тыңдалды. Есептік кездесудің негізгі бөлігі аяқталған соң аудан басшысы Н.Даумов бастаған сала басшылары жергілікті тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.