АУДАН ӘКІМІ САРАЛЖЫН, ҰЯЛЫ, ТЕМІР МАСИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

АУДАН ӘКІМІ САРАЛЖЫН, ҰЯЛЫ, ТЕМІР МАСИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсан күні аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың 2025 жылдың II жартыжылдығына арналған аудан тұрғындарымен кездесуі басталды. Жоспарға сай аудан әкімі Н.Даумов сала басшыларымен бірге Саралжын, Ұялы және Бөрлі ауылының тұрғындарымен жүздесті. Кездесуде аудан әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар алдағы жылға жоспарлары туралы тұрғындарға ақпарат берсе, округ әкімдерінің тұрғындарға есептері тыңдалды.

Ашық диалог форматында өткізілген кездесу барысында ауыл тұрғындары аудан басшысына елге қатысты сауалдарын қойып, ауылдарының дамуы мен өркендеуіне қатысты ұсыныстарын да білдірді. Кездесу соңында аудан басшысы сала басшыларымен бірге ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша да қабылдау өткізді.