
Ағымдағы жылдың 3 желтоқсан күні аудан әкімі Н. Даумовтың төрағалығымен жеке инвестиция көлемінің жоспары мен оның орындалуы бойынша жиын өткізілді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық ветеринариялық станция, аудандық статистика басқармасы және округ әкімдері қатысты. Басқосуда 11 айда тартылған жеке инвестиция көлемі мен проблемалық мәселелер талқыланды.
Жиын соңында аудан әкімі Н. Даумов округ әкімдеріне берілген жоспардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.