
Жол инфрақұрылымын жаңарту — ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды қадам. Аудандағы көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттырып, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту мақсатында Хан ордасы ауылының 21 км кірме жолына асфальт төсеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда негізді қабаты толық дайындалып, 14 шақырым қатқылды жабын төселді. Мердігер: «Ақжол құрылыс» ЖШС.