Көрсетілетін қызметті беруші: «Бөкей ордасы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» ММ-і. Мекенжайы: Сайқын ауылы, Орда көшесі, 32, тел.: 8(71140)21-735.
Қызметті алушылар:
1) мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар;
4) денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, агроөнеркәсіптік кешен және құқық қорғау салаларында қызмет ететін қажетті мамандар.
Мемлекеттік кызмет көрсету тәсілдері:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;
2) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.
Қызмет құны: Тегін
Құжаттар тізбесі:
1) Өтініш;
2)Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы тұлғаны сәйкестендіру үшін беріледі).
3) Соңғы 6 (алты) ай ішіндегі еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы анықтама (барлық отбасы мүшелеріне (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларына));
4) Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттарын қоспағанда жұмыс орнынан анықтама;5) Қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлешрі және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы екінші деңгейлі банктің хаты.