ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІНІҢ ЖИНАЛЫСЫ

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІНІҢ ЖИНАЛЫСЫ

Бүгін аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Бөкей ордасы ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл А. Ажғалиевтің қатысуымен аудандық мекеме басшылары және ауылдық округ әкімдерімен жиналыс өтті.
Жиналыстың күн тәртібінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, ағымдағы жылдың 9 айында мемлекеттік қызметшілер арасында әкімшілік құқық бұзушылық фактілері, ойын бизнесіне қатысты шектеулер, ішкі еңбек тәртібін сақтау, жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік автокөлікті пайдаланбау, ақпараттық қауіпсіздік пен цифрландыру мәселелері қаралды.
Жиналыс қорытындысы бойынша мекеме басшылары мен округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар берілді.