ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

Ағымдағы жылдың 15 қазан күні аудан әкімі Нұрлыбек Даумов Орал қаласында кіндік қаны Нарын өлкесінде тамып, қазіргі таңда еліміздің әр жерінде әр салада кәсіпкерлікпен айналысушы азаматтармен кәсіпкерлікті дамыту және ауданға инвестиция тарту мәселелері бойынша кездесті.
Кездесудің мақсаты – аудан экономикасын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолдарын талқылау болды.
Аудан әкімі өз сөзінде кәсіпкерлікті қолдау – экономиканың негізгі қозғаушы күші екенін атап өтіп, инвесторларға қолайлы жағдай жасау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Сонымен қатар әкім инфрақұрылымды жақсарту, әкімшілік кедергілерді азайту және мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктері туралы мәлімет берді.
Кездесу барысында кәсіпкерлер өз жобалары мен ұсыныстарын ортаға салып, кездескен мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Аудан басшысы олардың ұсыныстарын тыңдап, жауапты орынбасары мен тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастықты арттыру және өңірге инвестиция тарту бағытында бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.