Түлектердің игі істері

Түлектердің игі істері

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Туған жер" кіші бағдарламасы аясында, М.Мәметова мектебінің 2000 жылғы түлектері ұлағатты ұстазға арналған ескерткішті тарту етіп, осылайша ұстазға деген тағзым мен құрметтің ерекше үлгісін көрсетті.
Ескерткіштің ашылу салтанатына аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов, мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов, аудан әкімінің орынбасарлары, өзге де сала басшылары, мектеп мұғалімдері мен қатар түлектер де куә болысты.
Ескерткішті ардагер ұстаздар Ноқаш Қадымов пен Балдай Темірғалиевалар салтанатты түрде ашты.
Аудан басшысы Нұрлан Рахымжанов та ізгі лебізін білдірді. Аталған игі істердің бәрі де жерлестеріміздің туған жеріне деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін айқын аңғартқандай,-дей келе еңселі ескерткішті тұрғызуға сеп болған түлектерге алғыс хат табыстады.
Түлектердің тартуы тек мұнымен шектелмеді. Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың бюстін де сыйға тартты.