Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Төреғалиев 2025 жылғы 13 қыркүйекте сағат 11.00-де Бөкей ордасы ауданы Бөрлі ауылында мәдениет үйі ғимаратында халықпен кездесу өткізеді.
Тұрғындар өздерінің ұсыныстарын, ескертпелері мен үнқосуларын whatsapp желісіндегі +7 747 784 58 32 нөміріне жолдауына болады.
Ұсыныстар мен ескертпелерді жолдағанда жіберушінің аты-жөні, тұратын мекен-жайы мен байланыс телефоны көрсетілуі керек.